«Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы»
27 сәуір күні Жалағаш кенті, №31 мектеп-гимназиясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты сайыс өтті. Үш топтың қыздары «қызды қырық үйден тию», қыз баланың тәрбиесіне байланысты арнайы дайындалған 7 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады. Сайысқа Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Абраманова Шакизат Исабайқызы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық сарапшысы Мәлік Гүләйім Ерікқызы, №31 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жалиева Тоты Базарбайқызы қазылық етті. Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Абраманова Шакизат Исабайқызы жарысты қорытындылап, «Мың бала» жобасының бастау алғандығын айтып өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша І орынды «Томирис» тобы, ІІ орынды «Болашақ арулар», ІІІ орынды «Достық» тобы иеленді. Жарыстың жеңімпаздарына «Қоғамдық келісім» КММ-нің арнайы Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.