» » » ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ТӘРБИЕСІ

ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ТӘРБИЕСІ

ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ТӘРБИЕСІБір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін – қыз баланың тәрбиесі. Ол – қай қоғамның болсын басты күретамыры. Осы орайда, Жалағаш ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, ҚХА жанындағы Жалағаш аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қыз өссе-елдің көркі» атты Мәдениет ауылдық округінің №32 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық сарапшысы Г.Мәлік жүргізді. Кездесу барысында Аналар кеңесінің төрайымы Р.Ералы, «Жастар денсаулығы орталығы» КММ-нің маманы А.Есмағанбетова баяндама жасады. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сазгер, Аналар кеңесінің мүшесі А.Орынбаева сары алтындай сақтап, ұрпағына аманат еткен ата-бабаларымыздың арманы, қоғамдағы ұрпақ тәрбиесі жайлы «Ана туралы баллада», «Заманам жайлы толғанам» атты өлеңдерін қыздар қауымына арнады. Қыз баланың ақылды да инабатты болып өсуіне ата-анамен бірге ағайын-туыс, ауыл-аймағы жауапты екенін Аналар кеңесінің мүшесі М.Досманова айтып өтті. Мәдениет ауылдық округінің Аналар кеңесінің мүшелері өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Аталмыш кездесу алдағы уақытта ауылдық округтердегі мектептерден өз жалғасын таппақ.
21 сәуір 2018 ж. 1 217 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930