» » Мектеп оқушылары асықтан массажды төсеніштер жасауда

Мектеп оқушылары асықтан массажды төсеніштер жасауда

Технология пәні мұғалімі Жиенхан Хаманайдың оқушылармен бірге жасаған массажер төсеніштері көпшілік арасында кеңінен танылуда



âÐекÑеп оÒÑÑÑлаÑÑ Ð°ÑÑÒÑан маÑÑÐ°Ð¶Ð´Ñ ÑÓ©ÑенÑÑÑÐµÑ Ð¶Ð°ÑаÑда

ERNUR.KZ. Ақсу қаласына қарасты Мәмәйіт Омаров ауылындағы Жамбыл орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жиенхан Хаманайдың оқушылармен бірге жасаған массажер төсеніштері көпшілік арасында кеңінен танылуда, деп жазады pavlodarnews.kz. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттаудың тың жолын ойлап тапқан ұстаз осындай 11 төсеніш құрастырып, сегізін саудалап үлгерген. 14 санамақтың да басым бөлігін балабақшаларға сыйға тартқан.

- Әсіресе балабақшалардан массажерге деген сұраныс баршылық, - дейді Жиенхан Хаманай. – Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан тапсырыс түсуде. Мысалы, жуырда таныс адамдардың бірі аутизм дертіне шалдыққан баланың емі үшін сатып алып кетті. Балалардың жүруіне және төсек ретінде салып жатуға арналған массажер буындар мен олардың арасындағы байланысын күшейтеді, шаршаған бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Кішкентай балалар мен ересектер үшін пайдасы зор. Төсеніштің бағасы 8000 теңге болса, санамақтар 4000 теңге тұрады. Бір массажер төсенішке 108 және екіншісіне 80 асық кетті.

Бүгінде қолөнер иесі Ақсу қаласының № 1 қазақ орта мектебінде, № 8 жалпы орта білім беру мектебінде және «Ақсу» балалар эко-техно орталығында асық үйірмесіне жетекшілік етеді. Алты жылдың ішінде 3000-нан астам асық жинаған. Оның ішінде далада ойнауға болатын қара малдың 40 шақты асығы кездеседі.

- Балалардың қызығушылығы өте жоғары, - дейді ұстаз. – Бұл дүниелерді мектептер мен балабақшаларда әдістемелік құрал ретінде қолданған дұрыс еді. Жобаны қолға алмас бұрын адам денсаулығына пайдасын білу үшін жан-жақты зерттеу жүргізіп, мәліметтерді жинақтадым. Дайындау технологиясына келетін болсақ, асықтарды алдымен тұз қосылған суда тазартып залалсыздандырамыз. Сонда сүйектегі майы мен артық заттарынан тазарып шығады. Бұдан кейін түрлі түске бояймыз. Болашақта осы жобаны әрі қарай жетілдіре түсу жоспарда бар.


ERNUR.KZ
11 қаңтар 2019 ж. 701 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930