» » Енді дос боламыз: Ресейлік депутат қызылордалық полицейге тәнті болып, оны Мәскеуге қонаққа шақырды

Енді дос боламыз: Ресейлік депутат қызылордалық полицейге тәнті болып, оны Мәскеуге қонаққа шақырды

Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Алексей Журавлев қызылордалық полицейдің әрекетіне тәнті болып, оны Мәскеуге қонаққа шақырды. Сондай-ақ, ол Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан полицейге алғыс хат беруін сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

РеÑейлÑк депÑÑÐ°Ñ ÒÑзÑлоÑдалÑÒ Ð¿Ð¾Ð»Ð¸Ñейге ÑÓнÑÑ Ð±Ð¾Ð»Ñп, Ð¾Ð½Ñ ÐÓÑкеÑге ÒонаÒÒа ÑаÒÑÑдÑ

Депутаттың алғыс хаты мен видеоүндеуі Facebook желісіндегі «Қызылорда» тобында жарияланды.

Депутат Алексей Журавлев 2017 жылдың мамыр айында Қазақстанға келген. Сол кезде ол түнде жолда адасып кеткен. Осы кезде қызылордалық полицей депутатқа көмекке келіп, барар жеріне жеткізіп тастаған. Алайда ол қарапайымдылық танытып, өзінің тек полиция қызметкері екенін айтыпты. Ал қайда жұмыс істейтіні және қызметі туралы тіс жармаған көрінеді. Тәртіп сақшысының дәл осы әрекеті ресейлік депутатты қайран қалдырыпты. Белгілі болғандай, оның есімі – Жасұлан Өксікбаев.

«Құрметті менің досым, Өксікбаев Жасұлан, мен бұл видеоүндеуі Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасындағы өз кабинетімде жазып отырмын. Сенің хабарласқаның өте қуаныштымын. Себебі өз қызметің мен жұмыс орныңды айтпаған едің. Тек полиция қызметкері екеніңді айттың. Бұл Қызылордада жақсы адамдар мен нағыз полицейлер тұратынын аңғартады. Себебі осыншама қарапайым болу…» – дейді Журавлев.

Мемлекеттік дума депутатының сөзінше, ол өзіне көмектескен полицейді қалай табарын білмепті. Алайда сол кезде тәртіп сақшысына визиткасын қалдырған екен. Сондықтан кейіннен Жасұлан оған өзі хабарласқан.
РеÑейлÑк депÑÑÐ°Ñ ÒÑзÑлоÑдалÑÒ Ð¿Ð¾Ð»Ð¸Ñейге ÑÓнÑÑ Ð±Ð¾Ð»Ñп, Ð¾Ð½Ñ ÐÓÑкеÑге ÒонаÒÒа ÑаÒÑÑдÑ


«Ендігі дос боламыз. Сені Мәскеуде қуана күтемін. Мемлекеттік думаны, өзің көрген дүниенің бәрін көрсетемін», – дейді ресейлік депутат.


Stan.kz 
25 қаңтар 2019 ж. 512 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031