» » 38 градус аяз: Алдағы демалыс күндері Қазақстанда күн суытады

38 градус аяз: Алдағы демалыс күндері Қазақстанда күн суытады

Синоптиктер 26-28 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы демалыс күндері аяз болады деп күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz.

38 гÑадÑÑ Ð°Ñз: ÐлдаÒÑ Ð´ÐµÐ¼Ð°Ð»ÑÑ ÐºÒ¯Ð½Ð´ÐµÑÑ ÒазаÒÑÑанда күн ÑÑÑÑадÑ

«Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райына көбінесе антициклондар әсер ететін болады. Сондықтан еліміздің басым аймағында түнде 30-38 градусқа дейін аяз күтіледі. Ал күндіз ауа температурасы 18-27 градус, кей  30 градус аяз болады деп болжанып отыр.
Синоптиктер мәліметінше, бұл климаттық нормадан төмен.

Сондай-ақ, мамандардың болжамынша, Орталық Азия арқылы циклон жылжиды. Соның салдарынан Қазақстанның солтүстік жартысында суық және күшті антициклон болады. Ал  Орталық Азиядағы жылы циклон республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының тау асуларында бұрқасын мен шығыс желінің күшеюіне себеп болады.

Stan.kz 

25 қаңтар 2019 ж. 690 0