» » ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

«Бір жылыңды ойласаң егін ек, он жылыңды ойласаң ағаш ек, жүз жылыңды ойласаң ұрпақ тәрбиеле» деген. Пайымдасақ, бала тәрбиесінің жалғыз ата-анаға ғана емес, бүкіл қоғамға қатысты екенін ұғамыз.
Аудан орталығындағы №201 мектеп-лицейінде мектеп директоры Т.Садықов, аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Н.Серәлі, мұғалімдер, психологтар мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Жаңа әлемдегі жастар келбеті сын көтере ме?» тақырыбында ток-шоу өтті.
Қазіргі қоғамда жастар арасында өзекті мә­селелер жоқ емес. Ұсақ құқық бұзушылықтан бас­тап жасөспірімдер арасындағы ірі қылмыстар, қаракөздеріміздің көңілді жығатын ерсі қылықтары, діни ағымдардың жетегінде кетіп жүрген жастардың көбеюі де осы сөзімізге дәлел. Жастармен өткен жиында осы мәселелер жан-жақты талқыланды, бұл кімнің қателігі екені және қалай түзетуге болатыны айтылды. Оқушылар өзара әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны және жас буын арасында белсенділікті қалыптастыру турасында ой бөлісті. Мұнан бөлек, музыкалық қойылым, түрлі тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді. Жалпы, жиында жастар ашық микрофон арқылы мұғалімдерге сұрақ қойып, рухани, адамгершілік тұрғысынан тәлімді тәрбие беретін ақпараттарды ала алды.

«ЖЖ» ақпарат.

29 қаңтар 2019 ж. 710 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930