» » » ӘКЕ – ҮЙДІҢ ҚОРҒАНЫ, БАЛА – ОНЫҢ ЗОР БАҒЫ

ӘКЕ – ҮЙДІҢ ҚОРҒАНЫ, БАЛА – ОНЫҢ ЗОР БАҒЫ

Ұлт жанашыры Ахмет­ Байтұрсынұлы: «Балам­ деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын?» деген ұлағатты сөз қалдырған. Осы ретте, «Бір жылыңды ойласаң егін ек, он жылыңды ойласаң ағаш ек, жүз жылыңды ойласаң ұрпақ тәрбиеле» деген тағылымды сөз де еске оралады. Пайымдасақ, бала тәрбиесінің жалғыз ата-анаға ғана емес, бүкіл қоғамға қатысты екенін ұғамыз.

Жуырда кент орталығындағы №201 мектеп-лицейінде «Қазақ отбасы тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, мекеме, бөлім басшылары және ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Жиын барысында балалардың жаппай смартфондарға тәуелді болуы және әлеуметтік желілерде белсенділік танытуы, ата-ананың балаға көңіл бөлмеуі, бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан ұсақ құқық бұзушылықтарға жол берілуі секілді өзекті мәселелер көтерілді.
Сондай-ақ, береке-бірлігі жарасқан отбасынан салиқалы ұрпақ шығатыны айтылды. Қазақы тәрбиедегі әрбір шаңырақта әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың сөйлегенін көрмейсің.
Дүниеге келген әр бала – отбасының шаттығы, Алланың берген сыйы. Бала – ата-ананың игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Сондықтан, әке мен ана өздеріне қатысты әдеп, адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек.

Н.АЛМАС,
М.АХМЕТОВ (сурет).
15 қыркүйек 2018 ж. 1 308 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930