» » Ақтөбе облысында жас жігіт қақаған қыс ішінде құлпынай өсіріп отыр

Ақтөбе облысында жас жігіт қақаған қыс ішінде құлпынай өсіріп отыр

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының 25 жастағы тұрғыны Дәурен Қажығалиев қыс ішінде құлпынай өсіріп отыр. Ол мемлекет басшысы жариялаған Жастар жылы жастардың бастамасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

ÐÒÑөбе облÑÑÑнда Ð¶Ð°Ñ Ð¶ÑгÑÑ ÒаÒаÒан ÒÑÑ ÑÑÑнде ÒұлпÑнай Ó©ÑÑÑÑп оÑÑÑ

Өз сөзінде Дәурен елімізде жастарға көп қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.

«Биыл жарияланған Жастар жылы жобаларды жүзеге асырып, дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мен грантқа қол жеткізу үшін байқауларға қатысуды жоспарлап жүрмін. Жастар кәсіпкерлігі бойынша несие алып көруге және өз ауданым мен елімнің дамуына үлес қосуға тырысамын», – дейді жас жігіт.

Дәурен Қажығалиев 2017 жылы Гүлназ Есқалиевамен бірге Білім және ғылым министрлігінің 1 миллион теңге көлеміндегі «Жас проджект» грантын жеңіп алған. Ол бұл ақшаны Ойыл ауданында гидропоника әдісімен құлпынау өсіруге жұмсаған. Бастапқыда жас жігіттің әдісіне ауылдастарының дені күмәнмен қарап, сенбепті. Алайда қараша айында алғашқы құлпынай шыға бастапты, ал желтоқсанда тағы жеміс берген.

«Ойылдағылардың көбі қыста құлпынай өсіруге болатынына сенбеді. Біз өсіретін орынды жалға алып, қазан айында гидропоника әдісі бойынша құлпынайды отырғыздық. Құрылғыны орнатып, жарық қойдық. Қараша айында құлпынай шықты. Желтоқсан айында тағы жеміс берді. Гидропоника әдісі жерді қажет етпейді. Құлпынайды қыста да өсіруге болады. Ең бастысы, көп жарық керек. Құлпынай әр ай сайын жеміс беріп тұрады. Ойылда қыс ішінде құлпынай өсіру деген ешқашан болмаған», – дейді ол.

Биылғы жылдың ақпан айында жоба бойынша өнімді тегін шығару кезеңі аяқталып, Дәурен өз кәсібін бастай алады. Алайда, жас жігіттің сөзінше, жазда құлпынай өсіру тиімді емес. Ал қыс мезгілінде табысты кәсіп боларын айтып отыр.

Stan.kz

29 қаңтар 2019 ж. 545 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031