» ЕТІ ТІРІ, ТІРЛІГІ ІРІ – ЭЛЬМИРА

ЕТІ ТІРІ, ТІРЛІГІ ІРІ – ЭЛЬМИРА

Жастар корпусын дамыту жобасына осыдан бірнеше ай бұрын өтінімдер қабылданып, грант иегерлері анықталған болатын. Олардың дені өз жобасын жүзеге асырып, қолға алған кәсібін бастап кетті. Бұл – Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бірлескен бағдарламасы екенін айта кеткен жөн.
Жастарға арналған бірегей бағдарлама, яғни, «Zhas Project» жайында бұған дейін де біршама әңгіме қаузаған болатынбыз. Себебі, өңірдегі грант жеңімпаздары өздері қорғаған жобасы бойынша қаржысын алып, көздеген кәсібіне жан бітіруге кірісті. Жаңа идеясын жүзеге асыруға білек сыбана кіріскен жас кәсіпкердің бірі – кент тұрғыны Эльмира Нұржанова.
Жастар корпусын жан-жақты дамыту мақсатында қолға алынған «Zhas Project» жобасы жайында естіген Эльмира басқа әріптестері секілді тың жобаны ұсынды. Оның "Өз үйім» балалар орталығын ашу идеясы бала кезгі арманы екен. Балаларды жан-тәнімен сүйетін оның бұл ойын «Zhas Project» жүзеге асырды.
– Биыл өңірде жүзеге асқан бұл бағдарламаны естіп қуандым. Бұрыннан жоспарлап жүрген идеямды ұсынып, жобаға қатысуға өтініш білдірдім. Шарт бойынша қазір 3 адам бірігіп жұмыс жасаймыз. Топ құрамында Шолпан Әбдімәлік, Венера Сұрапбергенова есімді белсенді жастар бар. Біздің орталыққа көпбалалы отбасынан шыққан, әлеуметтік аз қамтылған, жалдамалы пәтерде тұратын, отбасында мүгедектігі бар балалар және сол сияқты жанұядағы 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер тегін қабылданады. Оларға өз уақытын қызықты өткізуге, ертегілер тыңдап, жазу-сызу құралдарымен жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған, – дейді Эльмира Нұржанова.
Жас кәсіпкер "Өз үйім» балалар орталығын ашуға 980 мың теңге көлемінде қаржыға өтініш білдірді, тың идеясы мақұлданды. Бұған дейін өңірде осындай балалар орталығы болмағанын ескерсек, бастаған кәсіпті одан әрі жетілдіруге толық мүмкіндік бар. Мұны айтқан іскер қыз алдағы уақытта да әлі талай жарқын бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
– Жоба шарты бойынша қоғамның осал топтары мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына 6 ай бойы тегін қызмет көрсетеміз. Нәтиже жаман емес. Көңіл қуантарлық. Тағы бір айта кететін жайт орталықта балаларға арналған ойыншықтардың барлық түрі бар. Қазір, орталыққа келетін балалар саны артып келеді, – дейді жоба жеңімпазы.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

---
30 қазан 2018 ж. 771 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930