КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, әділет басқармасы, «Қазпошта» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аудандық бөлімі, денсаулық сақтау саласы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өкілдері шалғай жерде орналасқан малшы отбасыларға қоғамдық қабылдау өткізді.
Онда тиісті мамандар отбасы мүшелерінің табысы, балалардың құжаттары мен мектепке баратын бармайтындығы жөнінде сұраса, ақ халаттылар үлкен кісілердің жүрегін аппаратқа түсіріп, қан қысымын өлшеді.
Ауылдан шалғайда күн кешіп отырған отбасылардың жағдайлары жақсы, денсаулықтары тұрақты деуге болады. Айтуларынша, ас-су, отын-көмірден мәселе жоқ көрінеді. Таза ауада мал күтімімен отырған тұрғындар құқықтық кеңес алып, мамандармен азын-аулақ тілдесті.
Н.АЛМАС.