» » ҚАПЫДА ҚАЗА ТАПҚАНДАР

ҚАПЫДА ҚАЗА ТАПҚАНДАР

Осыдан 11 жыл бұрын Сырдария өзеніндегі сең қозғалысын әуеден бақылап жүрген ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты тікұшақ апатқа ұшыраған болатын.
Апат және ауыр жарақат салдарынан тікұшақта отырған 18 адамның 6-ауы қаза тапты. Тікұшақта сол кездегі облыс әкімі, төтенше жағдайлар бөлімінің, су шаруашылығының қызметкерлері және журналистер болған. Жалағаштықтар қаһарлы қыстың соңғы күні қапыда қаза болған азаматтарды еске алды. Тікұшақ құлаған алаңға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, «Иманқұл» мешітінің бас имамы А.Мәдиев, ел ағалары мен қаза болған жандардың туған-туыстары, ұрпақтары келді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, бас имам өмірден өткен азаматтардың көзі тірісінде жеткен жетістіктері мен ел үшін атқарған қызметтерін айтып, туған-туыстарына қайғылы қазаға сабыр қылуға шақырды. Мұнан соң әруақтарға арнап құран бағышталды, жақындары гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Апат салдарынан қаза тапқан Қазбек Төреманов, Сағитжан Бермағамбетов, Нұрлан Құмаров, Фахреддин Унгарбаев, Ғалым Нұрмағамбетов, Виталий Глазуновтың жа­қын­дары марқұмдарды еске алып, төтенше жағдайлар бөліміне алғыстарын білдірді.

Н.АЛМАС.

12 наурыз 2019 ж. 753 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031