» » » ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Республика бойынша бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы Бұқарбай батыр ауылдық округінде де жалғасын тапқан болатын. Аталған акцияда ауыл азаматы, жұмыс барысында 1997 жылы ерлікпен қаза тапқан өртке қарсы күрес бөлімінің қызметкері Арман Төлеубаевтың атындағы көшеге ескерткіш тақта орнатылды. Шара аясында 1971 жылы туған азаматтар Арман Қуанышбайұлын еске алып, рухына тағзым етті.
Ескерткіштің ашылу салтанатына­ облыстық және аудандық төтенше жағ­дайлар басқармасының қыз­мет­кер­лері, төтенше жағдайлар депар­та­мен­тінің ар­дагерлері мен ауыл тұр­ғын­дары қа­тысты. Салтанатты шараны ауыл әкімі С.Байділдаев ашып, Арман Қуа­ныш­бай­ұлының өмірінен сыр шертті.
Шара барысында «Ауданның құр­мет­ті азаматы», ауылдық ардагерлер ке­ңе­сінің төрағасы Қ.Нұрмағанбетов, ҚР Жур­­налистер одағының мүшесі Р.Кә­рі­мов, облыстық төтенше жағдайдар де­пар­­таментінің басқарма басшысы Р.Қай­рақбаев, облыстық төтенше жағ­дайлар де­партаменті ардагерлер кеңесінің төра­ғасы Т.Ботабаев, мектепте дәріс берген ұстазы Г.Нұрбаева мен бірге оқыған сыныптастары Арманның адамгершілік қасиеттері мен ерен ерліктері жайында естеліктер айтты. Мұнан кейін Қуанышбай Төлеубаев сөз алып тағылымды шараны ұйымдастырған ауыл әкімдігіне, ескерткіш тақтаны орнатып қолдау білдірген баласының құрдастарына алғысын біл­дірді.

«ЖЖ» ақпарат.
15 мамыр 2018 ж. 1 501 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30