Қазақстан Эфиопиядағы оқиғадан кейін Boeing 737 MAX ұшағын уақытша тоқтатты
Қазақстанда Boeing 737 MAX маркалы әуе кемесінің ұшулары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
ААК-да 13 наурыздан бастап Қазақстанда аталған әуе кемесін пайдалану белгісіз уақытқа дейін тоқтатылғанын хабарлады.
Бұл шешім Эфиопиядағы Boeing 737 MAX ұшақ апатынан кейін қабылданып отыр. Оқыс оқиғадан 150-ден аса адам, оның ішінде БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапқан болатын.
Ал осыған дейін SCAT әуе компаниясы аталған әуе кемесімен ұшудан бас тартпайтынын мәлімдеген еді.
Айта кету керек, бірқатар еуропалық елдер осы үлгідегі ұшақтар үшін аспанды жабу туралы шешім қабылдады.
https://kaz.nur.kz