» » ЖЕР-АНАҒА ЖАН БІТІРГЕН КҮН

ЖЕР-АНАҒА ЖАН БІТІРГЕН КҮН

Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Бұл күні Жер-Анаға жан бітіп, тіршілік жаңарып, жасанып, салт-дәстүрлер жаңғырады. Ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктер салтанат құрып, жұртшылық бір-бірімен көрі­сіп, ақ дастарқан басына жиналады. Бұл күні әр шаңы­рақта қазан оттан түспей, ұлттық тағамдар әзірленіп, бауырсақ пісіріліп, дастарқан аққа толып, наурыз көже дайындалады.
Мереке қарсаңында аудан әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және аудандық мәслихат аппа­ратының ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына ұлық мей­рамның басты дәмі – наурыз көже тартылды.

«Нұр Отан» партиясы аудан­дық филиалы ғимаратының алдына кең дастарқан жайылды. Көріскен жандар бір-біріне ақжарма тілегін арнап, төс қа­ғыстырды. Жиылған жұрт тір­шіліктің жанданып, күннің жы­лы­ғанына, аққа аузы тиіп, аман-есен жыл басына жеткеніне қуанып, ұйымдастырушыларға риза­шылықтарын білдірді.
Ұлттық асымыздан дәм тарт­қан жасы үлкен ата-әже­леріміз, аға-апаларымыз елдің аман­ды­ғын тілеп, жастарға бата-ті­лек­терін жаудырды. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасында қолшоқпар ойындары, гір тасын көтеру секілді спорттық сайыс ұйымдастырылып, алғаш­қы үштікке ілінгендерге сый­лық табысталды.

Нұр НАУАН,
М.АХМЕТОВ (сурет).
21 наурыз 2019 ж. 676 0