» » Елорда жастарына 1 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды 

Елорда жастарына 1 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды 


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады. 


Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін түлектердің алдында тұрған басты мәселелердің бірі – жұмыс. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Астана жастары» ресурстық орталығы бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Оған «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті, «Цесна-Астық», «Нұрбанк» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, Industrial Innovation Group және т.б. сияқты 150 жұмыс берушіден 1000 астам бос жұмыс орны ұсынылды. 

Дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі — адамдарға лайықты жұмыс табуға, ал жұмыс берушілерге білікті кадрларды таңдауға көмектесетін жұмысқа орналастырудың тиімді әдістерінің бірі. Осындай іс-шаралар тоқсанына бір мәрте өткізіледі. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің жұмысқа орналастыру және кәсіби бағдар беру бөлімі әлеуметтік желілерде жұмыс пен қызметкерлерді іздеу бойынша ақпараттар жариялайды.
01 сәуір 2019 ж. 488 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930