» » 3 сәуір:атаулы күндер мен оқиғалар

3 сәуір:атаулы күндер мен оқиғалар

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық саясат жөніндегі Мемлекеттік комитет құрылды.

1997 жылы Семей қаласындағы Ленинград көшесіне әнші Жәнібек Кәрменовтің есімі берілді.

2002 жылы Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік  туралы» Заңы қабылданды.

2007 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студенттердің «Сыр орманы. Болашақ» қоғамдық бірлестігі құрылды. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруына қатысу болып табылады.

2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпір пайдалануға берілді. Қалқымалы көпір Отырар ауданының Балтакөл ауылдық округының жағалауын біріктірді. Оның негізі - 37 арнайы қайық. Олар өзен үстіндегі жолды ұстап тұрады, сондықтан оған судың көтерілуі, не бәсеңсуі көпірдің қызметіне кедергі жасамайды. Көпірдің ұзындығы - 110 метр, ені - 4,5 метр.

2009 жылы Алматыда «Қазпошта» АҚ ел аумағында «Еуропа» сериясы бойынша Халықаралық астрономия жылына арналған екі марка енгізілгенін мәлім етті. «Қазпошта» АҚ «PostEurop» қауымдастығының келісімімен «Еуропа» сериясының маркаларын шығаруға 2005 жылы қосылған болатын. Жаңа маркаларда Галилейдің портреті мен табиғат аясындағы телескоп бейнеленген. Әрқайсысы 230 теңге тұратын маркалардың пішіні - 33х27,5 мм, таралымы - 150 мың дана. Олар Қытайдың Пошта және телекоммуникация министрлігінің Бейжіңдегі пошталық төлем белгілері фабрикасында басылып шыққан.
03 сәуір 2019 ж. 504 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031