» » Тәртіп тазалықтан басталады

Тәртіп тазалықтан басталады

Өткен жылы кент пен барлық ­ауылда құрамында сынап бар химиялық қал­дық­тарды жоюға арналған 70 контейнер жәшігі қойылды. Ондағы мақсат – қоғамдағы та­за­лықты сақтай отырып, құрамында ­зиян­ды заттар бар тұрмыстық қалдықтарды жою.
Жалпы, осы типтегі 40 контейнер кент орталығына қойылса, қалған 30-ы елді мекендерде тұр. Оған тұрмыстық қалдықтардан шыққан шағын люминесцентті шамдар, сынапты термометрлер, химиялық қуат көздерін беретін батареялар, шағын аккумуляторлар салынады. Мұндай тұрмыстық қалдықтар оқшауланбаса қоршаған ортаға қаншалықты зиян тигізетіні айтпаса да белгілі. Сондықтан, тұрғындар қоршаған ортаға тигізетін зиянды әрі химиялық қалдықтарды осындай жәшікке салуы тиіс.
Арнайы орнатылған бұл сары жәшіктің сыртында да не салу керектігі анық жазылған. Өкініштісі, кейбіреулер мұнда басқа қалдықтарды салып, сыртындағы ескертуді елемейтін көрінеді. Тіпті, осы сары жәшікке салынуы тиіс қалдықтарды жалпы қоқыс салатын орындарға тастайтындар да бар. Тазалықтың тәртіптен басталатынын ескерсек, әр затты өз орнына қойып үйренгеніміз жөн.

Н.АЛПЫСБАЙ.
06 сәуір 2019 ж. 719 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 049

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30