ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ
Аудандық білім бөлімі «Жалағаш жаршысы» газетінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №3 санында жарияланған «Мектепті мейрамханаға айналдырмайық» тақырыбындағы мақалаға байланысты барлық білім беру ұйымдарына 2018 жылғы 11 қаңтар №3-13/87 санымен ата-аналармен түсінік жүргізуге байланысты хат жолданды.
Аталған мәселеге байланысты барлық мектептерде оқушылармен, ата-аналармен сынып жиналыстары өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жасалды.
Білім бөлімінде мектеп директорларының жиыны ұйымдастырылып, қатаң бақылауға алуға тапсырма берілді.
Б.ЖӘНІБЕКОВ,
білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы.