ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛАДЫ Сондай-ақ, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2018 жылы №4 санында жарық көрген «Бас жарылып, қол сыну керек пе?» мақаласына байланысты хабарлаймын. Аудандық бюджет шағын болса да ұсыныстар беріліп, Жалағаш кентінде санитарлық тазалық жұмыстар атқарылуда. Қыс мезгілдерінде көшелерде қар тазалау және құм, тұз себу жұмыстарына бюджетте қаржы қаралмаған. Дегенмен басқа жұмыстардан қаржы үнемдеп, толық дәрежеде болмаса да, көше қиылыстарына құм, тұз себу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта аталған жұмыстарды атқару үшін ұсыныстар беріліп, арнайы қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде атқарылатын болады.Н.БАЙЫМБЕТ,кент әкімінің міндетін атқарушы. Қоғам 06 ақпан 2018 ж. 862 0