» » Қазақтың ұлттық тағамы бұжы мен әсіптің айырмашылығы неде?

Қазақтың ұлттық тағамы бұжы мен әсіптің айырмашылығы неде?

Қаржыгерлік мамандығын тастап, ауылда өз кәсібін дөңгелеткен маңғыстаулық келін Мадина Лепесбаева қазақтың бұжы мен әсіп тағамдарының қандай айырмашылығы барын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
ÓÑÑп. ФоÑо: Neke.kz

Жас келіншектің айтуынша, тағамдардың бірі тіскебасар ретінде дастарханға қойылса, енді бірі ыстық тамақ ретінде қонаққа тартылады екен.

"Бұжыны көп өңірлерде әсіппен шатастырады екен. Бірақ негізі қазақтың ұлттық тағамдарының қатарында бұжы да, әсіп те бар. Айырмашылығы әсіптің құрамында малдың ішкі құрылысы: өкпе, бауыр, жүрек, күрішті тұз, бұрышпен араластырып жасаса, ал бұжыда тек қана іш май, ет және бауыр болады.Әсіпті тіскебасар ретінде дастарханға ұсынса, ал бұжыны етпен, қазы-қарта, жал-жаямен бірге, бешмармақпен қатар береді", - деп түсіндірді келіншек.

Сондай-ақ ол бұжының қазіргі рецептісінде кейбір өңірлер картоп та қосатынын айтты.

"Бұрындары картоп қоспаса да, қазір қосып жатады және оны тек қойдың қарнына салып жасайды. Сосын тағы бір айырмашылығы әсіпте бәрін еттартқыштан өткізсе, бұжыда қолдан турап әзірлейді", - дейді Мадина Лепесбаева.

KAZ.NUR.KZ.

11 сәуір 2019 ж. 861 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 634

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031