» » Әлеуметтік көмекке байланысты жеті сұрақ

Әлеуметтік көмекке байланысты жеті сұрақ

Осы жылы әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға берілетін жәрдемақы, яғни, атаулы әлуметтік көмекке мемлекет тарапынан өзгерістер енгізілген еді. Республика бойынша  20789 теңге, Алматы қаласы бойынша 21172 теңгеден берілетін бұл көмекті кімдер қалай алады? Бұл көмекті алу үшін не не істеу керек? Осы сынды сұрақтарға Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығының бас маманы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 

ÓлеÑмеÑÑÑк көмекке байланÑÑÑÑ Ð¶ÐµÑÑ ÑÒ±ÑаÒ
Іске жарамды аналарды жұмысқа тұрғызады деген сөз бар. Рас па?
Кіші баласы 7 жастан асса, ол кісі жұмысқа жарамды. Ал егер 7 жасқа дейін болса, онда ол кісі үйде бала күтумен отырады. Соңғы енгізілген қаулы бойынша уақытша жұмыспен қамту және тұрақты жұмыспен қамту бөлімдері бар.
Әр түрлі ұйымдар, мекемелер өздерінде бар бос орындарды ұсынады, біз сол бойынша жұмыссыз жүрген аналарды әңгімелесуге жібереміз. Тұрақты жұмысқа кіргізе алмайтын жағдай болып жатса, жұмыспен қамту орталығының өзінің арнайы жұмыстары бар соған жібереміз.

Бұл көмекті алу үшін қандай құжаттар керек ?
Жеке басын куәландыратын төлқұжаты болса болды. Қазіргі уақытта E-Halyk деген жаңа жүйе іске қосылған. Осы жүйесің базасына ЖСН нөмерін енгізгенде автоматты түрде барлық ақпараттар легі бізге келеді. 

Осы көмекті алу барысында отбасына келіп түсетін стипендия, алимент, зейнетақы  есептеледі ма?
Президенттің соңғы жолдамасында атаулы әлеуметтік көмекке қандай кірістер саналмайтындығын атап өткен еді. Мысалы: көпбалалы анаға берілетін пособиелер, баланың мүгедектік жеңілдіктері, оқып жатқан студенттің степендиясы саналмайды. Алимент саналады. 

Жұбайлар ажырасқан жағдайда қосымша құжаттар керек па? 
Жоқ арнайы құжатты қажет етпейді.

Арнайы көмекті кім ағайындайды және қай уақытқа дейін төленеді?
Шартсыз ақшалай көмекті жұмыссыз бала күтімімен отырған аналар алса, алты ай бойы төленеді. 
Шартты ақшалай көмекті отбасындағы әкесі жұмысқа жарамды болып тұрса, 12 көлемінде алады. 

Егерде үлкен балалары кәмелеттік жастан асып кетсе, ол отбасыларға көмек көрсетіледі ма?
Иа. Бұл көмек отбасының ішкі табысына қарай беріледі. Айлық табыс мөлшері кедейлік деңгейінен төмен болса, барлық көмекке мұқтаж отбасыларға төленеді.

Отбасындағы жылжымайтын мүлік көмек алуға қалай әсер етеді?
Ешқандай да әсер етпейді,-деді жұмыспен қамту орталығының атаулы көмек көрсету бөлімінің басшысы Алмас Кунболатов.  


Stan.kz


11 сәуір 2019 ж. 885 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930