» » "Бір де бір қате жоқ": Лингвистикалық комиссия Тоқаевтың қазақ тілін қаншалықты білетінін бағалады

"Бір де бір қате жоқ": Лингвистикалық комиссия Тоқаевтың қазақ тілін қаншалықты білетінін бағалады

Бүгін президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруден емтихан тапсырды. Лингвистикалық комиссия кандидатты қазақ тілін толық меңгерген деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

ТоÒаев
Лингвистикалық комиссия жұмысын бастады. Тұңғыш үміткерден емтихан алынды.

"Нұр Отан" партиясы ұсынған үміткері Қасым Жомарт Тоқаев келіп емтихан тапсырды. Екі сағат деңгейінде бізде болды. Ережеге сәйкес емтиханды тапсырды. Бірінші "Абай поэзиясы мен қара сөздері" тақырыбын, екінші мәтін оқуға Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" әңгімелері мен хикаялар жинағын таңдап алды. Үшінші өзінің жанына жақын тақырып  Қазақстанның геосаясаты туралы әңгімелеп берді", - деп айтты комиссия төрағасы. 

Жолдасбеков Тоқаев жазба жұмысында Абайдың поэзиясы мен қара сөздерінің халыққа беретін маңызы туралы терең жазғанын атап өтті. 

"Бір де бір қате көргеніміз жоқ. Өткен жолғы президентіміз де осылай жазған еді. Шерхан Мұртазаны өзі таңдап алды. Үш бетін мәнерлеп, ырғақпен оқыды. Таңқалдым. Қазақстанның қазіргі  геосаясаты туралы терең толғады. Комиссияның мүшелері толық қатысып, пікірлерін толық айтты. Лингвистикалық комиссияның қорытындысы - Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық меңгерген", - деп айтты Жолдасбеков ОСК қабырғасында. 

Ол лингвистикалық комиссия алдына келетін кандидаттарға шын жүректен табыс тіледі.

23 сәуір 2019 ж. 465 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930