» » Ғасыр жасаған әже байқаудың жеңімпазы болды

Ғасыр жасаған әже байқаудың жеңімпазы болды



Ақтөбеде "Мерейлі отбасы" байқауында бас жүлдені Бисенғалиевтер отбасы алды, - деп хабарлайды "Ақтөюе жаңалықтары" тілшісі.

Биыл 22 отбасы өтініш білдірді. Конкурс талаптарына сай келген 11 отбасы іріктеліп, комиссия қорытынды жасады. Бас жүлдені бүгін Бисенғалиевтер отбасы иеленді.

"Ақтөбе қаласында халық саны 500 мыңнан асты. Сәйкесінше отбасының да саны артып келеді. Бұл жақсы үрдіс. Бұған дейін Нұсқабаевтар отбасы республикалық кезеңде бас жүлде алды, кейін Димаштың ата-анасы Құдайбергеновтер арнайы сыйлықты иеленді. Осы жолмен жеңіс жалғасатынына сенім бар", - деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Бас жүлде алған 104 жастағы Жақыбай Бисенғалиеваның отбасына 150 мың теңгенің сертификаты мен естелік сыйлық берілді.

"Әже сабырлы, мінезі жұмсақ. Үйде іс тігеді, шаршауды білмейді. Теледидар қарайды, кітап оқиды. Қонақ шақырып, адамдармен әңгімелескенді ұнатады. Қазір немересінің қолында тұрып жатыр", - деді келіні Уәзипа Бисенғалиева.

Жақыбай Бисенғалиеваның 5 сыныптық білімі бар. Соғыс жылдарында жер жырту, егін егу, сиыр сауу жұмыстарын істеген. Отағасы Ғабит Бисенғалиев Екінші дүниежүзілік соғысқа, Жапон соғысына қатысты, 90 жастан асқанда қаза болды. Отбасы 2 бала өсіріп, тәрбиеледі. Немере, шөберелері бар.

16 мамыр 2019 ж. 533 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930