» » ІІМ мал ұрлығына қатысты арнайы бап енгізуді ұсынды

ІІМ мал ұрлығына қатысты арнайы бап енгізуді ұсынды

Аталмыш заң жобасы таяуда Парламент қарауына енгізіледі.

ÐÐРмал Ò±ÑлÑÒÑна ÒаÑÑÑÑÑ Ð°ÑÐ½Ð°Ð¹Ñ Ð±Ð°Ð¿ енгÑзÑÐ´Ñ Ò±ÑÑндÑ


ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекске мал ұрлығына қатысты арнайы бап енгізу туралы бастама көтерді, деп жазады ҚазАқпарат. ІІМ мәліметінше, мамыр айының басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 30 топ ұсталған.

«Бұл тек қана полиция емес, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың күш салуын талап етеді. Соның ішінде мал ұрлығының салдары орасан, ол ауыл кәсіпкерлігіне және азаматтарға айтарлықтай шығын келтіреді. Соңғы үш жылда 19 мыңнан астам мал ұрлығы жасалған. 60 мың мал қолды болды. Қожайындарына 30 мыңнан астам мал қайтарылды», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, полицияның алдын алу, ұйымдастыру және практикалық іс-шаралары бұл қылмыстың түрін түбегейлі жоюға жеткіліксіз көрінеді.

«Ауыл тұрғындары үшін ауыр тиетін мал ұрлығына жазаны күшейту мақсатында ІІМ Қылмыстық Кодекске осы қылмыс түріне арнайы бап енгізу туралы бастама көтерді. Аталмыш заң жобасы таяуда Парламент қарауына енгізіледі. Қазір ІІМ ұсынысы ауыл шаруашылығы малдарын жаю тәртібін бұзушылыққа байланысты әкімшілік жауапкершілік енгізу бойынша қаралуда. Оны әзірлеу жергілікті атқарушы органдарға жүктелген», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, мамыр айында «Мал ұрлығы» операциясының кезекті кезеңі өткізілген. Шара кезінде полиция қызметкерлері шаруашылықтар, мал жайылымдары және фермалар, автокөлікпен мал тасушылар тексеріліп, мал сату, сатып алу, ет өнімдерін сату нүктелері қадағалауға алынған.

Операция барысында 159 мал ұрлығы, соның ішінде бұған дейінгі жылдардағы 57 ұрлық ашылған. Бұған қоса, 483 тұрғынға малы и қайтарылған (180 жылқы, 103 сиыр және 200 ұсақ мал). Мал ұрлығы үшін 214 адам және 30 қылмыстық топ құрықталды. Сонымен бірге, ветеринария саласында 400-дей құқық бұзушылық, соның ішінде мал тасымалдау және ет өнімдерін сатуды тиісті құжаттарсыз іске асырғандар анықталды. 
 
ERNUR.KZ
24 мамыр 2019 ж. 568 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930