» » Ресейде 77 жылдан кейін қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

Ресейде 77 жылдан кейін қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

Ресейдің "Наше наследие" іздестіру бірлестігі Ұлы Отан соғысында қаза болған сарбаздың сүйектерін тапты. Ол 1916 жылы туған Уахит Қайырхановқа тиесілі екені анықталды деп хабарлайды Ресейдегі Қазақстан елшілігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Марқұмның туыстарын анықтауға Ертіс өңірінің "Панфиловшылар" іздеу жасағы көмектесті.

Уахит Қайырханов майданға Павлодар облысынан аттанғаны белгілі болды.

Қайтыс болғаны жайында 1942 жылы қара қағаз келген. Бірақ нақты қай жерде жерленгені туралы мәлімет болмаған.

Небәрі 25 жасында мерт болған жауынгердің артында қалған жалғыз ұлы Зейнолла Уахитов та өмірден өткен екен. Келіні Айсұлу Уахитова жолдасы көзі жұмылғанша әкесін аңсап күткенін өкінішпен еске алды.

"Сол әкесін тоса-тоса өзі де кетті жарты жыл болды. Ана біреу табылды дегенде өзі жылап отыратын. 25 жасында қайран кеткен әкем келмеді-ау деп. Енді мінекей тағдыр. 77 жылдан кейін жоғалған әкесі ұлының жанында жатса, бұл ғажап", - деді Айсұлу Уахитова.

Әйел адамның сөзінше, сүйегі жеткізілсе, оны ұлының жанына жерлеуді жоспарлап отыр.

"Панфиловшылар" іздеу жасағы осы бағыттағы жұмысты жалғастырады. Екі күннен кейін Халықаралық Еске алу жорығына қатысу үшін Тверь облысына жолға шыққалы отырмыз. Ол 1941 жылы Қазақстанда құрылған 100 және 101-дивизиясы ұрысқа қатысып, жеке құрамының 75 процентін жоғалтқан тарихи жер",- деді Павлодардың "Панфиловшылар" іздеу жасағының жетекшісі Өтепов Бақытжан.



05 маусым 2019 ж. 463 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930