Президент халықтың тұрмысын жақсарту үшін 9 бағытта жұмыс істемекші
Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Онда мемлекет басшысы халықтың тұрмысын жақсарту үшін қандай салаларды жандандырып, қандай шаралар қолға алынатындығын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
- "Бірінші бағыт – халықтың табысын арттыру.
- Екінші бағыт – сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны жою.
- Үшінші бағыт – сот жүйесін реформалау, сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс.
- Төртінші бағыт - жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту.
- Бесінші бағыт – тұрғын-үй мәселесін шешу.
- Алтыншы бағыт - адам капиталын дамыту.
- Жетінші бағыт - өңірлерді дамытудың жаңа бағдары.
- Сегізінші бағыт – Рухани жаңғыру құндылықтарын насихаттау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге ұмтылу.
- Тоғызыншы бағыт – көп векторлы саяси бағытты ұстана отырып, ұлттың мүддесін қорғау.