» » Ісіңді ел ұнатса, үш жүздің жүрегінде қаласың

Ісіңді ел ұнатса, үш жүздің жүрегінде қаласың

Үш жүзге бірдей хан болған Абылайды бәріміз жақсы білеміз. Оның ел басқарудағы әділдігі мен батырлығының өзі – үлкен әңгіме.
Бірде Абылай хан қасына Бұқар жырауды шақыртып:
– Түнде түс көрдім. Табытта жатыр екенмін. Басыма ілінген үш жүздің жалауын үш тобыр жұрт жұлып әкеткелі тұр. Табытымның бір бүйірінде арыстан, екінші бүйірінде айдаҺар отыр. Аяқ жағымда бір топ үрім-бұтағым. Қасымымнан өрбіген бір тентегім қолына қанжарын ұстап, мені қорғап тұр. Уәлиден тараған бір ұрпағым маған құран оқып жатыр. Ал мен өліп жатсам да, екі бүйірімде отырған арыстан мен айдаҺарға кезек-кезек қарап, мыналардан қалай құтылам деп жанталасудамын. Осы түсімді жорып берші, Бұқар аға, – депті.
Сонда Көмекей әулие атанған Бұқар бабамыз:
– Түс жору – түлкі аулаумен тең. Кейде ізіне дәл түсесің, кейде шет кетесің, сонда да жорып көрейін, – деп Абылай ханның түсін былайша жорыпты.
– Қырыққа келмей табытта жатсаң – өмірің ұзақ болады екен. Басыңа жалау тігіліп, оған үш бірдей топ таласып жатса, үш жүзге хан болады екенсің. Табытта жатып, екі бүйіріңдегі арыстан мен айдаһардан қалай қашып құтылам деп қорықсаң, көрші тұрған екі мемлекетке жалтақтаумен өтесің. Ал аяқ жағыңда тұрған үрім-бұтағыңның ішінен бірі құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің ұрпағынан шыққан бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан туған бір балаң атағын майданда қалдырады екен, – деп жауап беріпті.
Халық әулие санап жүрген жырау осылайша түсін жорыған соң хан: Бір ұрпағым атын қағазда, екінші ұрпағым атағын майданда қалдырады екен Сонда мен өзім қайда қаламын? – деп таңырқапты. Сонда Бұқар жырау:
– Басыңа үш жалау босқа тігілді ме? Ісіңді ел ұнатса, үш жүздің жүрегінде қаласың, – деп жауап беріпті.
Шынында да қазір қарап отырсақ Бұқар жырау Абылай ханның түсін дәл жорыған екен. Абылай хан үш жүзге бірдей хан болып, бар қазақтың басын біріктірді. Уәлиден тараған ұрпағы Шоқан тарихта ғалым болып қалды. Ал Қасымнан тараған ұрпағы Кенесары қазақ халқының болашағы үшін күресіп өтті.

А.БЕК

16 қараша 2019 ж. 708 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930