Иран мен Ирактың шекарасында жер сілкінді
Табиғи апат ошағы Керманшах провинциясындағы Сарполе-Захаб қаласынан 25 шақырым жерден өткен. Күші 4 балдық жер сілкінісінің кіндігі он шақырым тереңдікте болды. Сейсмологиялық оқиғадан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Айта кету керек, Сарполе-Захаб қаласы Ирак астанасына жақын орналасқан.
24.kz