» » Түлкі зейнеткерге шабуыл жасап, саусағын сындырды

Түлкі зейнеткерге шабуыл жасап, саусағын сындырды

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÑүлкÑ

Түлкі британдық әйелдің үйіне кіріп алып, оған шабуылдап, кейін саусағын сындырған, деп жазады The Mirror.

Жануар шабуыл жасаған кезде 77 жастағы Джилл Макмэн өзінің қала сыртындағы Эссекс графствосындағы үйінде болған. Оқиға ол таңғысын газет оқып, кофе ішіп отырған кезде орын алған. Қолының ауырғанын сезген Джилл, төмен қараса, оның саусақтарына түлкі жабысып алған екен.
Зейнеткер қатты қорыққаннан айқайлап жіберген, орнынан тұрып жануарды жұлқылап итере бастаған. Бірақ түлкі тістегенін қоймай, басқа саусағы мен аяғын тағы шап берген. Бұл шайқастың соңында британдық әйел адам жануарды үйінен қуып шыға алған. Қансыраған ол ұлына жүгіріп барған, ұлы емханаға апарған екен.
Дәрігерлердің айтуынша әйелдің саусағы сынған. Оған антибиотиктер жазып беріп, жарақатын тіккен. Сонымен қатар, физиотерапевт зейнеткерге жаттығулар түрін жазып берген.
Джилл журналистерге түлкі тістеген жеріндегі әлі күнге дейін сақталған іздерді көрсеткен.


Stan.kz
07 тамыз 2018 ж. 1 520 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031