» » Қазақстандықтар 400 адам мерт болған Үндістан тұрғындарына көмектесті

Қазақстандықтар 400 адам мерт болған Үндістан тұрғындарына көмектесті

ÒазаÒÑÑандÑÒÑÐ°Ñ 400 адам меÑÑ Ð±Ð¾Ð»Òан ҮндÑÑÑан ÑÒ±ÑÒÑндаÑÑна көмекÑеÑÑÑ

Қазақстандық туристер су астында қалған Үндістан тұрғындарына көмектесіп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Үндістанда су тасқынынан 400 адам көз жұмды. 3,5 мыңнан астам адам із-түссіз жоғалды. Қазақстандықтар азық-түлік пен киім-кешек, керекті заттар алып барды.
Елдегі Керала штатында су тасқыны он күннен бері тұрғындарды әбігерге салды. Жергілікті билік құлыпты ашып, су ағызуға мәжбүр болды. Оның салдары бір жарым млн адамға тиді. Олар дүние-мүліксіз қалды. Бұл ел тарихындағы ең сорақы су тасқыны болды.
Адамдарды тікұшақпен құтарды. Марқұмдар саны нақты емес. Шығынды өтеуге бір жарым млрд доллар қажет.
Босқындарға сол маңға жақын жерде демалып жатқан қазақстандық туристер қол ұшын созды. Қазақстандағы «Мен алматылықпын» қозғалысының көшбасшысы Константин Авершин қаражат жинап, бір жарым мың долларға әйелдер мен балалаға арналған 150 жиынтық киімі мен азық алды.
«Біз, қазақстандықтар, Алматыдан келдік. Үнді бауырларымызға көмектескіміз келеді. Шын жүректен бәрі. Босқындар лагеріне бізді кіргізбеді. Отандастарымызың айтуынша, елде жағдай қиын», – дейді Константин Авершин.


Stan.kz


23 тамыз 2018 ж. 839 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031