» » Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің кадр тұрақтылығы сақталуда

Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің кадр тұрақтылығы сақталуда



Елбасы ұсынған бес институттық реформаны жүйелі жүзеге асыру тұрғысында жарияланған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға жол ашады.
Қазіргі таңда халқымыздың мүддесі, қажеттілігі, талап-тілегі барынша ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз деңгейінде орындалып келеді.
Ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамының әрқайсысы мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруды бағытталған. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бағытында аймағымызда жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде облыста 3566 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес биыл мемлекеттік қызметшілер санының таза ауысушылығы 6,1 пайыздан аспауы тиіс.
Статистикалық мәліметке сәйкес, 2016 жылдың 6 айында таза ауысымдылық көрсеткіші 121 қызметшіге, яғни штат санының 3,2% тең болған. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік органдарда 83 мемлекеттік қызметші немесе штат санының 2,2% мемлекеттік қызметтен кеткен. Ал, 2018 жылдың осы кезеңінде 48 (1,2%) мемлекеттік қызметші өз өтінішіне сәйкес босатылған.
Ал биыл жыл басынан бастап облыстағы барлық мемлекеттік органдағы 54 мемлекеттік қызметші өз өтінішіне сәйкес мемлекеттік қызметтен кеткен. Бұл аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің 1,4% тең болып отыр. Оның ішінде: жеке секторға кетуіне байланысты - 6, квазимемлекеттік секторға - 3, басқа да себептерге байланысты - 45.
Осылайша, бүгінгі күні аймағымыздағы мемлекеттік қызмет саласы тұрақтылық пен ауысымдылықтың төмен деңгейімен ерекшеленеді.
Мемлекеттік қызметшілердің материалдық жағдайын жақсартумен қатар, кадрларды сақтап қалу шарттарының бірі – қызметкерлерді үздіксіз кәсібилендіру болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендірудің ажырамас бөлігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және оның филиалдары базасында даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі болып қалуда.
Ағымдағы жылы оқытуға жататын 601 қызметшінің бүгінде 319-ы (53%) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қоғамдық жаңа қатынастардың, функциялардың, сондай-ақ жаңа, жетілдірілген институттардың қалыптасып, орнығуына кеңінен жол ашты. Бұл еліміздің заман талаптарына икемделе отырып дамуының мол мүмкіндігіне ие екенін аңғартады.

Мақпал АБТИКЕРОВА
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы
08 тамыз 2019 ж. 675 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930