» » МАҚСАТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

МАҚСАТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру және мемлекеттік қызметшілердің жағымды имиджін қалыптастыру бағытында біраз жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Жалпы, мемлекеттік қызмет жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» іске асыруда ең алдымен мемлекеттік қызметті дамытуға көңіл бөлініп отыр. Тәуелсіз еліміз әлемнің дамыған озық отыздығының қатарына ену үшін мықты мемлекеттік аппарат құруды басты мақсат етіп. Мұның аясында мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізіліп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар да күшейтілді. Нәтижесінде, бұл мемлекеттік қызмет сапасының артуына, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға мол мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызметтің сапасы халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімінің көрсеткіші болып табылады.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, сондай-ақ әділдік пен жауапкершілікті талап етеді. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс. Бұл мәселеде маңызды қадамдардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты.
Жалпы, адам құндылығына қызмет ету қашан да абыройлы міндет екенін ойласақ, сенім артқан жандардың үмітін ақтау, көптің көңілінен шығу соншалықты қиын болмақ. Мен үшін мемлекеттік қызмет көптеген жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым. Барлық мемлекеттік қызметшілер өз өкілеттіктерін тиімді әрі адал қолдана білуі маңызды. Олар өз қамы үшін емес, мемлекеттің жарқын болашағына, игілігіне жұмыс істеуі керек және сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуы қажет. Кез келген орында, кез келген қоғамдық ортада заңды сақтай отырып, қандай жағдай болмасын әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, өзін адамдар арасында дұрыс ұстауы арқылы халықтың мемлекетке деген сеніміне селкеу түсуге жол бермеуге тиіс. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметші қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалдың жай-күйіне кері әсер ететін әрекеттерден бойын аулақ ұстауға міндетті. Басшылық жасамас бұрын, бағына білуді, өз қызметкерлерінен талап ететін қасиеттерді өзі орындай алуы, сондай-ақ, заңға қайшы әрекеттерге куә болса, бейтарап қалмауы керек.

Ғалым САХИ,
Аудандық сот хатшысы.
23 мамыр 2019 ж. 833 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930