» » Рақышева мемлекет басшысының кеңесшісі атанды

Рақышева мемлекет басшысының кеңесшісі атанды


Әлия Рақышева Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген жарлықта.

Әлия Рақышева 1980 жылы Алматы қаласында туған.
Ол 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
2001-2005 жылдар аралығында Әділет министрлігі департаментінің жетекші маманы, бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы қызметін атқарған. 
2005-2013 жылдарда Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі, әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы болды.
2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымында болды.
Ал 2018 жылдың сәуірінде әкімшілік басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болды.
Рақышеваның орнына Ержан Жиенбаев келді. 

kaz.nur.kz
23 қазан 2019 ж. 567 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031