Елімізде ауыл әкімдерін тұрғындар өзі таңдайтын болды
Ауыл әкімдерін тікелей тұрғындар таңдайды. Сайлау туралы жаңа заң жобасына сай, елді-мекендердің басшысын жергілікті халық жасырын дауыс беру арқылы сайлайды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Ал үміткерді саяси партия ұсынуы тиіс. Жаңа құжатты бүгін мәжіліс мақұлдады. Үміткерді партия ұсыну керек. Яғни, мәселен ауыл әкімі болғыңыз келсе, белгілі бір партияға барып, сайлауға қатысқыңыз келетінін айтасыз. Егер саяси ұйым сіздің кандидатураңызды құптап, қолдаса, додаға қосады. Ал мұндай өзгерістің қажеті не деген сұраққа Әділет министрі былай жауап берді:
“Бұл бірінші ретте саяси партиялардың рөлін кеңейту мен дамытуға бағытталған. Ауыл әкімдер үшін оны ұсынған саяси партия жауапты болады. Осылайша, әкімнің жұмысы бір адамның емес, бүкіл саяси партияның жауапкершілігі болады. Сол себептен”, – дейді Әділет министрі Марат Бекетаев.
Сайлауда жұрт жасырын дауыс беру арқылы таңдау жасайды. Жеңіске жеткен азамат елді-мекенді 4 жыл басқарады. Қазір шағын қала, ауыл әкімін аудандық мәслихат депутаттары сайлайды. Сондай-ақ, бұдан былай мәслихат депутатына үміткерді де партия ұсынады. Бірақ, бұл жерде алдымен партияның өзі сынақтан өтуі тиіс. Саяси ұйым сайлаушылардың кем дегенде 7 пайыздық дауысын жинағанда ғана мәслихат сайлауына кандидат қоса алады.
Дәл осы 7 пайыз деңгей неге байланысты белгіленіп отыр және ол мәслихат депутаты үшін тым жоғары емес пе?”, – дейді Әбдіманап Бектұрғанов.
“Біз мәслихатқа өту шегін орнатқан кезде Мәжілістің депутаттарын сайлау тәжірибесіне сүйендік. Сондай-ақ, шетелдік тәжірибені зерделеу барысында 7 пайыздық деңгей қоғамдағы беделдегі саяси партияны анықтауға қолайлы арақатынас екенін көрсетті”, – дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.
Жалпы, депутаттар Сайлау туралы жаңа заң жобасындағы өзгерістерге аса қарсылық танытпады. Оны әзірлеген Әділет министріне көп сұрақ қоймады. Мәжілісмендер құжатты бірден екі оқылымда қарап, мақұлдады. Енді заң жобасын Сенат талқылап, бекітуі тиіс.
http://stan.kz