Назарбаев Қазақстан мен Ирландия арасындағы салық туралы заңға қол қойды Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасапЗаңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Саясат 29 желтоқсан 2017 ж. 1 118 0