Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегі үшін қанша ақша алады?

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов промоушеннің уақытша чемпионы америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жегі үшін гонорары алты миллион доллар болады, - деп хабарлайды sports.ru.
Осылайша, ресейлік файтер UFC-дің екі салмқта әлем чемпионы болған Конор МакГрегорға қарсы жекпе-жегіндегі гонорардан үш есе жоғары алады. Нурмагомедов ол кезде негізгі төлем ретінде екі миллион алған еді.
Нурмагомедов - Порье жекпе-жегі 7 қыркүйек Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінде болады. Америкалық соңғы төрт жекпе-жегінде UFC-дің екі бұрынғы (Эдди Альварес пен Энтони Петтисті) және қазіргі чемпионын (Макс Холлоуэй) жеңді.