» » КАПИТАН КЛУБТАН КЕТТІ

КАПИТАН КЛУБТАН КЕТТІ


Жергілікті Қайсардың құрамындағы ауыс-түйістер соңғы уақытта жанкүйерлер көңілінен шықпай жүр. Тіпті команда капитаны Мақсат Байжановтың құрамадан шеттетілуі де көптің көңіліне кірбің ұялатты. Жанкүйерлердің жаппай наразылық тудыратындай реті бар. Себебі, қызылордалық команданың соңғы ойындары да сүреңсіз өтуде.
ҚР премьер-лигасының алғашқы ойындарында қарқынды күшейту С.Младенов шәкірттерінің дәстүрлі ұстанымы іспеттес. Қатарынан 3-4 ойын толық ұпаймен кестеде көш бастайтын «Қайсар» уақыт өте турнирлік кестеден сатылап түсе бастайды. Ал биылғы маусымда сөз жоқ жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқан. Алайда ҚР кубогының финалына жолдама аламын деп шаршап қалды ма білмейм, Тобылмен арадағы текетірестен кейін жергілікті команданың ойыны алға баспай қойды.
Бас бапкер С.Младенов жайлы не айтуға болады? Болгариялық бапкер Қайсардың тізгінін қолға алысымен қызылордалықтардың сенімін бірден ақтаған жоқ. Десе де арада бір жылдай уақыт өткеннен кейін жергілікті ойыншыларды негізгі құрамда аша білгені үшін жұртшылық оған бас бармақпен баға берді. Тіпті алматылық «Қайрат» футбол клубынан бапкерлікке сұраныс түсті. Маусым соңына дейін қызылордалық клубқа қызмет етемін деп шешкен бапкердің ниетіне ризамыз. Бірақ клубтың беделін көтеруде көп тер төккен бұрынғы капитан Мақсат Байжановқа қатысты шешіміне келісу қиын. Бұл – Бақ өкілі және жанкүйер ретіндегі өз пікірім. Енді соңғы ойындарға келейік...
«Қайсар» өз алаңында Ақтөбені қабылдағанда алаң жиегінен сол ойынды тамашалағанмын. Ал Ақтөбенің осыған дейінгі турнирлік кестедегі хәліне қатысты ақпарды білмейтін жұрт кем де кем. Бірақ кестеде көш соңында келе жатқан командаға жергілікті клуб есе жіберді. Қонақжайлық танытты дейін десең, А.Тағыберген, Д.Нәрзілдаев, армениялық жарық жұлдыз Т.Барсегяндар нәтижесі жоқ шабуылды үстін-үстін үдете түсті. Мұнан кейін Ақтөбедегі жауапты кездесуде де жергілікті клубтың жолы болды.
Жыл басында Еуропа біріншілігіне жолдама алуды мақсат еткен команда неге турнирлік кестеде алғашқы алтылықтан алға жылжымай қойды? Бұл ретте «Қайсар» Атыраумен арадағы кубок үшін ойында өзара келіскен» деген жанкүйерлер арасында жалғыз күмәнді көзқарас бар. Болмаса қатарынан 4-5 рет сүреңсіз ойын өткізу қисынға келмейді. Тіпті жыл сайын «Қайрат» пен «Астана» бақ сынайтын кубокқа жолдаманы жеңіп алған жергілікті команда неге кестедегі орынына бас қатырмайды? Ең соңғы ойында сырт алаңда Ордабасын 0:2 есебімен тізе бүктірген жергілікті клуб шымқаладан олжамен оралды. Десе де бұған масайрауға тағы болмайды.

Кенжетай БАЛҒАБАЙ

17 қыркүйек 2019 ж. 637 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930