» » Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті (видео)

Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті (видео)

Данияр Елеусінов қатарынан тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Отандық боксшы тәжірибелі америкалық қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

28 жастағы қазақстандық бокшсы рингте жартылай орта салмақтағы WBC Continental Americas бұрыңғы чемпионы, АҚШ өкілі Алан Санчеспен жұдырықтасты.
Жекпе-жек отандасымыздың қарсыласының туған жерінде Аризона шатына қарасты Феникс қаласында өтті.
Бұл қарсыластардың он раундқа жоспарланған кездесуімен Дэниэл Джейкобс - Хулио Сесар Чавес жекпе-жегінің андеркарды ашылды.
Sports.kz ақпаратынша, қазақстандық өзіне бөлінген раундтардың жартысын еңсеріп, қарсыласын жеңді. Төреші бесінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Себебі, америкалықтың бір көзі мүлдем көрінбей қалған.
Нәтижесінде отандық боксшы техникалықпен нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Даниярдың қарсыласы үшін мансабындағы бесінші жеңілісі болып табылады.

Биыл Елеусінов төрт жекпе-жек өткізіп үлгерді. Олардың барлығы отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Тоғыз жеңістің ішінде нокаутпен аяқталған бес кездесу болды.
Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елесінов көпшілікке айдай сұлу әйелі мен ұлын көрсеткен болатын.



kaz.nur.kz
21 желтоқсан 2019 ж. 494 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30