» » Қазақстандық қос балуан алтын иеленді

Қазақстандық қос балуан алтын иеленді

Қазақстандық балуандар Данияр Қайсанов пен Юсуп Батырмұрзаев Қазақстан қоржынына екі бірдей алтын алып келді, деп хабарлайды  Olympic.kz порталы. 

балуандар

Балуандар сайысы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтті. 23 ақпан күні салмағы 74 кг Қайсанов өзінің үндістандық қарсыласын 3:1 есебімен жеңген болатын. Бұл - оның алғашқы алтын жүлдесі. Бұған дейін спортшы 2018 жылғы Азиадада күміс, 2019 жылғы әлем чемпионатында қола медальдарды иеленіпті. 

Батырмұрзаев болса, 125 килограммға дейінгі категорияда жарысқа шығыпты. Ол өзінің Моңғолиядан келген қарсыласын 10:0 есебімен сұлатты. 

Жалпы Үндістандағы чемпионатта қазақстандық спортшылар осымен 6 медальді алып отыр. Бұған дейін Әлішер Ерғали, Мейіржан Әшіров, Ілісхан Чилаев және Дәулет Ниязбеков аталған сайыста қола жүлделерді иеленіпті. 


24 ақпан 2020 ж. 560 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930