Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Геннадий Головкин спорттық мансабын аяқтайтыны туралы сұхбат берді.
Спортшы бұл туралы Power 106 радиосында The Cruz Show-ға берген сұхбатында айтты.
Спортшыға “Сен зейнеткерлікке жеңіліп көрмеген қалпыңда шыққың келе ме?” деген сұрақ қойылды.
“Білмеймін, қазір өз бабымдамын. Дәл қазіргідей белсенді болып қала берсем деймін. 3-4 не 5 жыл бокстасатын шығармын. Әр айқас өзінше ерекше”, – деп жауап берді ол эфирде.
Геннадий Головкин келесі жекпе жегін 5 мамырда Калифорнияда америкалық Ванес Мартиросянмен өткізбек.
http://stan.kz