«Qazsport» дзюдодан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
20-27 қыркүйек аралығында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 130 елінен 800-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан – Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг), Ерлан Серікжанов (-66 кг), Жансай Смағұлов (-73 кг), Бекәділ Шаймерденов (-73 кг), Азиз Қалқаманұлы (-81 кг), Дидар Хамза (-81 кг), Ислам Бозбаев (-90кг), Виктор Демьяненко (-100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) ал, әйелдер арасынан – Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг), Севара Нишанбаева (-57 кг), Ақниет Тұрдан (-63 кг), Аэлита Щербакова (-70 кг), Ажар Салықова (-70 кг), Зарина Райфова (-78 кг), Гүлжан Исанова (+78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг) қорғайтын болады.
Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады. Сондай-ақ, Әлем чемпиондарына 26 мың евро, күміс жүлдегерге 15 мың еуро, ал қола жүлдегерге 7 мың доллар сыйақы беріледі.
Аталған бәсекені «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Baq.kz