» » Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Кениядан ұтылды

Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Кениядан ұтылды

2

Жапонияда волейболдан әйелдер арасындағы әлем біріншілігі басталды. D тобында сынға түскен Қазақстан командасы алғашқы матчта Кениядан ұтылды, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар үш партия қорытындысы бойынша жеңіліс тапты. Есеп: 23-25, 22-25, 21-25. Кездесу Жапонияның Хамамацу қаласында өтті. Біздің құрама сапынан ең көп ұпайды Сана Анарқұлова жинады. Оның еншісінде 11 ұпай бар. Қазақстан волейболшылары Пуэрто-Рикоға қарсы ойнайды.

egemen.kz
30 қыркүйек 2018 ж. 927 0