Қазақстандық балуандар Иранда 8 жүлде олжалады
Қазақстандық грек-рим күресі шеберлері Иранның Бәндәр-э Мохшәһәр қаласында өткен беделді «Тахти Кубогы» турнирінде 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль алды, -деп жазады Қазақпарат.
Айта кетейік, 67 килограмға дейінгі салмақта Алмат Кебісбаев пен 72 кг санатында өнер көрсеткен Демеу Жадыраев алдына жан салмады.Екі жерлесімізге финалда сәттілік жетіспеді. 63 килограмға дейінгі салмақта Құдайберген Тұрсынов қырғызстандық Калы Сүлейменовке есе жіберсе, Хусейн Муцольгов 87 кг санатында кілем иелерінің намысын қорғаған Саман Әзизиден жеңілді. Ал Дастан 60 кг санатында Зарлыханов пен Мейрамбек Айнагулов және Ибрагим Магомадов (72 кг-ға дейін), Азамат Қыстаубаев (87 кг-ға дейін) «Тахти Кубогы-2018» турнирінің қола жүлдегерлері атанды. «Тахти Кубогы» – рейтинг үшін өткізілетін турнир. Оның жеңімпазына 8 ұпай, күміс жүлдегеріне 6 ұпай, ал үшінші орын иесіне 4 ұпай беріледі.
http://stan.kz/
Пікір 15