2 АЛТЫН, 1 КҮМІС, 5 ҚОЛА

Өткен аптада Қармақшы ауданында Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған турнир болып өтті. Облыстық жарыста 2005-2006 жылы өмірге келген спортшылар сынға түсті.
Оралжан Болатбеков пен Асқар Қуанышов жаттықтыратын жас былғары қолғап шеберлері өздерінің мықтылықтарын танытты. Шаршы алаңда қарсыластарын қоғадай жапырған жалағаштық өрендер 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медальға ие болып, барған 10 боксшының 8-і жеңіс тұғырына көтерілді.
Жалпы, Айдос Айдосұлы мен Құрмаш Тынымбек 1-ші орын алса, Бекарыс Көрегенұлы жеңіс тұғырының 2-ші сатысына көтерілген. Сондай-ақ, Ерасыл Сапарбек, Ахметжан Шырақбай, Нұрдәулет Жолдасбай, Расул Кеңесұлы секілді балғын спортшылар 3-ші орынды қанағат тұтты.
Бұл жарыста чемпион болғандар наурыз айында өтетін республикалық турнирде бақ сынайтынын айта кеткеніміз жөн.
А.БЕК.
Суретте: жарыс жеңімпазы Мадияр Айдосұлы.