» » СЫР ӨҢІРІНДЕГІ КИЕЛІ ОРЫНДАР: САҚТАРДЫҢ КИЕЛІ ОРЫНДАРЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ КИЕЛІ ОРЫНДАР: САҚТАРДЫҢ КИЕЛІ ОРЫНДАРЫ


Ұйғарақ және Оңтүстік Түгіскен қорымдары. Сақтардың Оңтүстік Түгіскен деп аталатын обалы қорымы. Ол екі кешенге бөлінеді, бірінші кешен 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік Түгіскеннің барлық сақ обалары б.з.б. VII-V ғасырларда. тұр¬ғызылған.
  Ұйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған. Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей болып келеді.
  Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің құм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Жерлеу құрылыстарының осындай әртүрлі болуы, шамасы, отбасылық қатынастар жүйесін ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік кұрылымды, рулық қауымның эволюциясын да көрсетсе керек. Бұл, әсіресе, Ұйғарақ қорымындағы әртүрлі обалар топтарының үлгісінде ерекше айқын байқалады. Абыз әйелдер көп жерленген шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғұрып-дәстүрлер айқынырақ байқалады.
Табылған көптеген және алуан түрлі заттар б.з.д. VII-V ғасырларда Аралдың шығыс өңірін мекендеушілердің материалдық мәдениетінің бейнесін толық сипаттайды. Көптеп табылған заттардың қатарына жапсырылып істелген жергілікті ыдыстар мен құмырашы ұршықшасында жасалған керамика, қола пышақтар, киім әшекейлері мен сәндік бұйымдар, тас құрбандық ыдыстары мен жануыштар, ат әбзелдері мен қару-жарақтар жатады.
  Ұйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көзтартар үлгілері де кездеседі. Бұлар – ер-тұрмандағы, алтын қаптыр¬ма¬лардағы, алтын шеттіктердегі хайуан¬дардың бейнелері. Хайуанаттар бейнелерінің арасында бұғы, киік, жылқы, таутеке, қабан, арыстан, барыс не қабылан, жыртқыш құс, түйе бар. Бұл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетін скифтік-сібірлік өнер дүниесіне енгізеді.
  Құйрығының ұшы мен аяқтары иілген, құлағы айқын көрінбейтін, көзі мен мұрны бір сызық бойында жатқан концентрациялық шеңберлер түріндегі, денесінің бұлшық еті білемделген Ұйғарақ тоғалары – Еуразияның ежелгі аң стилінің үлгілері, олардың скиф өнері заттарына ұқсастығы байқалады.

/Жалғасы бар/.
 
Әзілхан ТӘЖЕКЕЕВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
«Археология және этнография»
ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.
Шахизада ЕРГЕШ,
И.Панфилов атындағы
№5 мектеп-лицейінің оқушысы
https://kyzylorda-news.kz
18 мамыр 2018 ж. 1 794 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031