» » ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРДА БОЛАДЫ

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРДА БОЛАДЫ


Аптаның сейсенбісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Балайым Кесебаева мен Тарас Хитуов ауданымызға келді. Мәжіліс депутаттары аудандық полиция бөлімінің және аудандық сот ғимаратымен танысып, құқық қорғау саласының қызмет­керлерімен кездесті.
Өздеріңізге белгілі, аудандық полиция бөлімінің ғимараты былтыр ғана пайдалануға берілді. Қанша жылдан бері талапқа сай жабдықталмаған, тозығы жетіп ескірген, іші тар ғимаратта орналасқан тәртіп сақшылары өткен жылдың маусымында жаңа типтегі ғимаратқа көшті. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полковник Нұрлан Ибраев ғимаратта жұмыс істеуге барлық мүмкіндік жасалғанын жеткізді. Аудандық соттың ғимараты да көне емес. Бұл ғимарат күрделі жөндеуден өткізілген. Халық қалаулылары полиция бөліміндегі тир бөлмесін, уақытша ұстау изоляторын және басқа да бөлімдерді көріп, таңданыстарын жасырмады. «Ауданда мұндай заманауи озық үлгідегі ғимараттың болуы қоғам тыныштығын күзетушілердің жұмысын мұнан әрі жүйелеуге мүмкіндік береді. Аянбай еңбек етіңіздер, елдің тыныштығы басты орында», – деді Мәжіліс депутаты Балайым Туғанбайқызы.
Айта кету керек, цифрлық технология бұл салаға да енгізіліпті. Жасалған қылмысты тіркеу электронды түрде жүзеге асады. Мәжіліс депутаттары осыған жауапты қызметкерлердің жұмысын көрді. Ал аудандық соттың төрағасы Асылхан Мизанбаев қазіргі таңда қылмыстық істің біршама азайғанын алға тартты.
Мәжіліс депутаттарының ауданға сапары «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында қоғамдық қабылдаумен қорытындыланды. Халық қалаулыларымен бірге аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева да тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Әбсаттар Бақтыбаев мал емімен айналысатын маманның тапшылығын айтса, жергілікті полиция қызметінің бастығы Мәулен Өсер әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеуде қиындықтар барын жеткізді. Өйткені полиция бөлімінде хаттамаларды электронды түрде базаға тіркейтін планшеттің төрт данасы ғана бар. Оның өзі ауданнан шыға бере желі ұстамай, істен шығып жатады екен. Бұл ретте Мәжіліс депутаттары аудан әкімдігі тарапынан жауапты құқық қорғау қызметкерлерін планшетпен қамтамасыз етуге болатынын айтты. Қоғамдық қабылдау барысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкері елдегі әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқарту мәселесін көтерді. Халық қа­лау­­лылары қабылдауда болған тұрғындардың тілек-ұсыныстары бойынша заңға сәйкес жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ
20 шілде 2019 ж. 545 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930