КРЕАТИВТІ ЖАСТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ ОРТАСЫ
Жастар қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады.
Зеренді ауданында ұйымдастырылған республикалық «Zeren-2019» жастар жазғы лагерінің бірінші маусымы аяқталды. Алғашқы маусым жалағаштық жалынды жастардың креативті идеяларын кеңінен қолдануына мүмкіндік тудырды. «Zeren-2019» жастар жазғы лагеріндегі жеңіс Сыр жастарына бұйырды.
Айта кетейік, бұл жазғы лагерь осымен екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы лагерьге елімізбен қатар Ресей, Қытай және Моңғолия жастары да қатысты. Мыңнан аса келіп түскен өтініштен үш маусымға 600 қатысушы іріктелген. Алғашқы маусымда 200 талапкерді қамтыған 36 командалық жоба ұсынылған. Оның ішінен 5 бизнес-идея үздік атанды. Мұнан бөлек жүлделі ІІ орын иеленген екі командаға 1 млн теңгеден, ІІІ орын алған екі командаға 750 мың теңгеден берілді. Жүлделі І орынды иеленген қызылордалық «Red Orda» тобына 1 500 000 теңгенің сертификаты, жастар жобаларын демеушілер тарапынан 1 млн теңге көлемінде қосымша қаржы табысталды.
Жерлестеріміздің дара шығуына олардың белсенділіктерімен қатар «Жоңышқа – табиғи тыңайтқыш» тақырыбында ұсынған жобаларының да көмегі тиді. Өйткені «Red Orda» тобының жобасы «жасыл экономиканы» қолға алған еліміз үшін үздік идея болып табылады. Команда ұсынған жобаның басты мақсаты да осы – жасыл экономиканы дамыту. Яғни аймағымызда өсетін жоңышқаның басқа өңірлерде де өсірілуін қамтамасыз ету болмақ. Жалағаштық жастар өз жобаларында жерді қалай тыңайтуға болады, ол үшін қанша шығын қажет, нақты қанша пайда әкелетінін де жан-жақты қарастырған. Топ мүшелері алдағы уақытта жерді тыңайтып, келер жылы күріш, бидай, қауын, қарбыз егу жұмыстарын дамытуды көздеп отыр.
– Бізге үздік менторлар мен тренерлер дәріс оқыды. Сабақтардан бөлек мотивациялық тренингтер мен спорттық сайыстар да өтті. Сондай-ақ бұл лагерьден жақсы достар таптық. Ресей, Қытай және Моңғолиядан келген қатысушылардан да үйренеріміз көп болды, – дейді топ мүшесі, аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Нұржан Амандық.
«ЖЖ» ақпарат