ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ?
Қазақстан ұлттық құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарына дербес мемлекет ретінде 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан байрақты бәсекеде отандастарымыз жетінші мәрте бақ сынап отыр. Қазақ халқы үшін жеті қашаннан киелі сан болып есептеледі. Сондықтан өткен жұмада алауын жаққан аламаннан үмітіміз мол.
Пхенчхандағы Олимпиадаға дейін де қысқы спорт түрінен Қазақстанның бүгінге дейінгі жетістіктері аз емес. 1994 жылы Норвегияның Лиллехамер қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарына еліміз тұңғыш рет қатысқан болатын. Қазақстан құрамасы үшін бұл байрақты бәсеке табысты болды десек қателеспейміз. Себебі, ел саңлақтары бұл аламанға алғаш рет қатысып тұрса да, бір алтын және екі күміс медаль иеленіп, мемлекет мерейін үстем етті. Осылайша Отанға деген махаббат пен жеңіске деген жігер үлкен додада әнұранымыздың шырқалуымен қатар, көк байрағымыздың биіктен желбіреуіне себеп болды.
Қазақстан құрамасының қоржынына үш жүлдені халықаралық додаларда атой салып, ел намысын абыроймен қорғап жүрген шаңғышы – Владимир Смирнов салды. Норвегиядағы дүбірлі додада спорттың сегіз түрінен бақ сынаған 29 отандасымыз ел намысын қорғады. Алғашқы аяқалыс жаман болған жоқ. Қазақстан 3 медальмен жалпыкомандалық есеп бойынша 12-ші орыннан көрінді. Араға төрт жыл салып спортшыларымыз Жапонияның Нагано қаласында жалауы желбіреген Ақ Олимпиадаға атбасын бұрды. Спорттың сегіз түрінен 60 спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде отандастарымыз екі қола медальді қанжығаға байлады. Әлем бойынша шаңғы спортынан қарсыластарын қапы қалдырған Қазақстанның алғашқы Олимпиада ойындарының чемпионы Владимир Смирнов бұл жолы қоржынға қола жүлде салды. Ал екінші қола медальді конькимен жүгіру спортының өкілі Людмила Прокашева иеленді. Осылайша XVIIІ Олимпиаданы ел құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша 20-шы орынмен қорытындылады. Мұнан кейін АҚШ пен Италияда өткен екі Олимпиадада спортшыларымыз сәтсіз өнер көрсетті. Ал, араға тағы 4 жыл салып, яғни 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен кезекті Олимпиадада күллі қазақ жұрты Елена Хрусталеваның күміс жүлдесін қанағат тұтты. Байрақты бәсекеде бақ сынаған спортшымыз биатлонда қарсылас шақ келтірмеді. Алайда, шешуші сәтте қарсыласына жол берген отандасымыз күміс жүлдені еншіледі.
2014 жылғы Сочи Олимпиадасында Денис Теннің жалғыз қоласы Қазақстан құрамасын жүлдесіз қайтудан құтқарып қалды. Мәнерлеп сырғанаудан отандасымыз мәнсіз өнер көрсеткенде, АҚШ пен Италиядағы дәстүр қайта жалғасатын еді. Алты Қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысынан 64 спортшы ел намысын қорғаған. Екінші орында Ақмола облысы – 40 спортшы және 38 спортшымен Алматы қаласы үздік үштікті қорытындылап тұр. Бір ерекшелігі, Ақмола облысының өкілдері төрт жылдықтың басты бәсекесіне бір деңгейде қатысып келеді. Ал Алматы қаласы спортшыларының үлес салмағы азайған. Бұл көрсеткіш төртінші орында тұрған Павлодар облысына да тиесілі. Мәселен, 2010 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына Кереку өңірінен бірде-бір спортшы қатыспаған. Бесінші орында – Солтүстік Қазақстан облысы. Бірақ әр Олимпиадаға солтүстік аймақ екі-үш спортшыға үміт артып отырса да, жағдайды жақсы деп айту қиын. Оның үстіне СҚО-дан сайысқа көбіне конькишілер ғана қатысады. Қостанай облысы да осындай бағаға лайық.
Айта кетейік, 1994 жылдан бері Қысқы Олимпиада ойындарына тек екі шаңғышы қатысқан. Ақтөбе облысының табиғи-климаттық жағдайы қысқы спортшыларды дайындауға өте қолайлы болса да, 2010-2014 жылдар аралығында бұл аймақтың атын тек шорт-трекші Айдар Бекжанов арқылы естідік. Оның өзінде бұл отандасымыз Ақтөбе облысында дүниеге келгенімен спортпен Батыс Қазақстан облысында айналыса бастаған. Бес Олимпиадаға қатысып, рекорд орнатқан шаңғышы Елена Антонованың арқасында Батыс Қазақстан облысы жетінші орынды иеленді.
1998 жылғы Олимпиадаға үш спортшы қатысып, рекордтық көрсеткіш орнады. Оның екеуі мәнерлеп сырғанаушылар – Юрий Литвинов (жекелей сырғанау) пен Андрей Крюков (жұптық). Ал өзге Олимпиадада кеншілер қаласынан тек коньки тебушілер ғана өнер көрсеткен. Қысқы спорт түрлеріне спортшы дайындайтын облыстардың қатарына Оңтүстік Қазақстан облысы (9-орын) жақында ғана қосылды. Оңтүстікте шаңғы акробатикасына дайындайтын жақсы гимнастика мектептер жоқ емес. ОҚО-ның атынан шыққан спортшының дебюті 2010 жылғы Ванкуверде өткен Олимпия ойындарында болды. Ал, соңғы Олимпиадаға олар үшеу болып қатысты. Астанаға 10-орынды танымал шаңғышылардың отбасы Старостиндар алып берді. Біздің облыс бұл сайысқа қатысатын спортшылар саны бойынша 12 орыннан көрініп отыр. Оңтүстік Кореядағы сайысқа биыл Сыр Елінен Элизабет Тұрсынбаева қатысады.
Қазақстан құрамасында бастапқыда ақмолалықтар көп болатын. Сонымен қатар, ШҚО мен Павлодардан және аз мөлшерде Қостанай және БҚО-дан қатысатын. Бірақ, соңғы жылдары география өзгеріп, 2014 жылғы ҚОО-да еліміздің намысын Шығыс Қазақстан облысы (6), Ақмола облысы (4) және Астана қаласының (1) шаңғышылары қорғады. Биатлоншылар тобының негізін ШҚО, Ақмола және Павлодар облыстарының азаматтары құрайды. Ал, Шығыс Қазақстанда могулдың бар құрамы жасақталады. Бұл аймақ жеке тау шаңғышылары мен трамплиннен секірушілерді де тәрбиелеуде. Шаңғы акробаттары Оңтүстік Қазақстаннан да қатысады. Конькимен жүгірудің негізгі аймағы – Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары. Ал Екатерина Айдова соңғы жылдары Қарағанды облысының атынан шығып жүр. Шорт-трекшілерді негізінен БҚО мен Қостанай дайындайды. Алматы қаласы Қысқы ойындарға үлесті трамплиннен секіру, тау шаңғысы және мәнерлеп сырғанаушы спортшылар арқылы қосады.
Жалпы отандық спортшылардың жеңіске деген талпынысы жаман емес. Бастысы қоржынға алғашқы медаль да түсіп үлгерді. Енді осы қарқын жалғасын тапса дейміз.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.