Қазақстанда ауа температурасы 15 градусқа дейін түседі
Синоптиктер үшкүндік ауа-райын жариялады. Қазақстанда тамыздың алғашқы күндерінде ауа-райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, тамыздың басында Қазақстанның ауа-райына Екатеринбургтен жоғары орналасқан циклон әсер етеді.Осыған байланысты республиканың көптеген аймақтарында 1, 2 және 3 тамызда ауа райы тұрақсыз болады. Көбінесе солтүстік-батыста ауа райы тұрақсыз болады. Ауа температурасы 15-25 градусқа дейін төмендейді. Найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін.
Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды.
2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м / с болады.
Қостанай облысында бұл күні ауа райы тұрақсызданады. 2 тамызда түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел 15-20 м / с-қа дейін жел күшейеді.
Метеорологиялық орталықта айтылғандай, тек Оңтүстік Қазақстанда ыстық болады. Кей жерлерде ауа температурасы плюс белгісінен 40 градусқа дейін ысиды. Жауын-шашын күтілмейді.
Stan.kz