» » БИЗНЕСІНІҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

БИЗНЕСІНІҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ


Жалағаш ауданында өз бизнесі арқылы халыққа қызмет көрсететін түрлі орталықтар ашылуда. Жергілікті тұрғындарға тиімді бағада қызмет ұсынатын кәсіпкер Манарбек Қожахметов массаж салонын ашқан. Ол "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы арқылы 1 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.
Манарбек Қожахметов Нұр-Сұлтан қаласында арнайы оқу оқып, қазіргі таңда жары екеуі бірге жұмыс істейді.
- Массаж салонымызға күніне 15-20 шақты адам келеді. Бір қызмет құны 1000 теңге. Алдағы уақытта кәсіпкер өз кәсібін кеңейтуді жоспарлап отырмын,-дейді кәсіпкер.
Ауданда халыққа тұрақты түрде қызмет ұсынатын қоғамдық монша ашқан Меруерт Ертұрғанова өз ісіне мемлекеттік бағдарлама арқылы қолдау тапқан. «Кәсіпкер» ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы 10 миллион теңге қаржы алған. Орталық монша 50 адамға арналған. Жеке кәсіпкер келер жылы 12 кабина ашып, қызметкерлерді көбейтуді мақсат етті.
Айта кетерлігі, жеке кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі жандарға монша қызметін тегін ұсынады.
02 тамыз 2019 ж. 599 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930